KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Ресей тұрғыны Қазақстанның шекарасына жорғалап өтпек болды

4.06.2019, 11:24 76

Алтай өлкесінің шекарасынан Қазақстанға жорғалап өтпек болған Ресей тұрғыны құрықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Анықталғандай, шекара бұзған әйел адамға Новосибирск қаласының полициясы іздеу салған екен.

Бұл туралы ресейлік ap22.ru сайтында жарияланып отыр.

Оқиға Третьяковск ауданының аумағында болған. Әйел тау-тас пен бұталардың арасына жасырынып, мемлекеттік шекараның сызығына қарай жақындап қалған жерде шекарашылардың қолына түседі.

Оған дейін ол Михайловка пунктінде шекаралық бақылаудан өтпек болады, алайда көші-қон заңнамасын бұзі себебіне байланысты оған көрші елге өтуге тыйым салынған. Бұдан бөлек, оған ұрлық жасады деген күдікпен құқыққорғау органдары тексере бастапты. Жазадан жалтару мақсатында әйел шекарадан жасырын өтуге талпынады.

Шекаралық режимді бұзғаны үшін оған айыппұл салынып, Новосибирск облысының құқыққорғау органдарына тапсырылған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив