KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 2 м/с, ОБ
443.72 482.28 4.9

Өскеменде ерекше көрме өтіп жатыр (ВИДЕО)

31.05.2019, 07:43 108

Өскеменде бүгін  «Қаралы жылдар қасіреті» тақырыбымен көрме өтіп жатыр. Аталмыш көрме кеше, Респбулика алаңында ашылған болатын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бүгін С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да жалғасқан көрмеге қазақ халқының басына нәубет болған сол қасіретті қырғында басы оққа байланған Әлихан, Ахмет, Міржақыптар бастаған Алаш арыстарының фотосуреттері, құжаттары, солардың түрмеде тартқан қасіреттері жайында жазылған кітаптар, мұражай жәдігерлері, тақырыптық стендтер, жинақтар қойылған. Қуғын-сүргін жылдарында жазықсыз атылған жерлестеріміздің тізімі келтірілген Аза кітабын да осынан табасыз.

Аталмыш көрмеге қойылған нәубетті жылдар жаңығырығын сыр шертетін құнды дүниелерді облыс басшысы Даниал Ахметов те аралап көрді. Аймақ басшысының айтуынша, болашаққа қадам жасау үшін алдымен тарихқа көз тігіу міндет. Қуғын-сүргінге ұшырағандарға қатысты бүгінде ауқымды зерттеу жұмыстары жүргізілуде онымен тек ғалымдар немесе тарихшылар ғана емес, сонымен қатар музейлер де айналысып келеді.

-Сол зұлмат жылдар кезеңінде қаншама зиялы қауым оққа байланды, соғыс кезеңінде Қазақстанға сан ұлттың өкілдері еріксіз әкелінді. Бұл - тұтас халықтардың трагедиясы, деді,-Даниал Ахметов.  

Сталиндік режим кезінде елімізге, Шығыс өңіріне күштеп жер аударылған неміс, шешен, кәріс, поляктар мен олардың аянышты тағдырлары туралы нақты ресми деректер де осында топтастырылған. Бұл мұрағаттық құжаттарды  кез-келген адам тамашалай алады. Көрме  кешке дейін жалғасады деп жоспарланған.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив