KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Алаш арыстарына арналған көрме Өскеменде өтті

29.12.2013, 18:00 309


Алаш арыстарына арналған көрме Өскеменде өтті
«Алаштың астанасы – Семей» атты көрме С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Абай мемлекеттік қорық-мұражайының ұйымдастыруымен өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Онда Абай қорық-мұражайында жинақталған алаш тақырыбындағы материалдар ұсынылды. Атап айтқанда, Алаш зиялыларының ізі қалған Семейдің бұрынғы фото-суреттері, «Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов» мұражайы экспозициясынан көрініс, Алаш партиясының қаулысы, қол қойған құжаттары, Алаш азаматтары мен Абайдың ақын шәкірттерінің фотосуреттері, А.Байтұрсыновтың 1929 жылғы қолжазба өмірбаяны қамтылған.

Алаш арыстарына арналған көрме Өскеменде өтті

Сонымен қатар, көрмеде ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет еткен, сол кезде шығып тұрған «Айқап» журналы, «Қазақ» газеттері, биыл Омбы сапарынан әкелінген ұлт тарихындағы тұңғыш саяси
ұйым болған Алаш Орданың төрағасы Ә.Бөкейхановтың кадет партиясының құрамында болғанын айғақтайтын
тізім, М.Тұрғанбаевтың Заречная слободканың учаскесінде жиналыс өткізуге басшы болғаны туралы, Ж.Ақпаевқа Омбы сот палатасының прокурорына қарсы жазылған арыз-шағымдар туралы мұрағат материалдары қойылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив