«Бомба қойғыштар» тағы да мазаны алды
Бүгін Өскеменде белгісіз ер азамат 102-ге қоңырау шалып, Мыза және Қазақстан көшелерінің қиылысында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығына бомба қойылғанын хабарлады. Полиция қызметкерлері дереу оқиға орына жетіп, аумақты қоршауға алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Діттеп келгенде, ақпараттың жалған екені анықталды.
– Қызметкерлер аталған мекен-жайға барып, тиісті шараларды атқарды. Нәтижесінде күдік туғызарлық ештеңе табылмады. Алаңдауға ешқандай себеп жоқ, – деп мәлімдеді Полиция департаменті.
Оқи отырыңыз