"Қазақстан, 99/1" мекенжайы неге қоршалғанын полиция түсіндірді – Өскемен
Өскемендегі халыққа қызмет көрсету орталықтары не үшін қоршалды?
Әлеуметтік желі қолданушылары Қазақстан көшесі, 99/1 мекенжайының қоршауға алғанын жарыса жазып жатыр.
– Бүгін респпубликалық «Азаматтарға арналған үкіметтің» Сall-орталығына әлдекім хабарласып, «ЦОН-ға» бомба қойылғанын хабарлады. Алайда ол нақты қай қала, қай «ЦОН» екенін ашып айтпады. Сол себепті Өскемен бойынша «Қазақстан, 99/1» мекенжайындағы және қаладағы басқа да барлық халыққа қызмет көрсету орталығы толық тексерілді. Ешқандай қауіп жоқтығына мамандар көз жеткізді. Қазір қоршаулар алынды, – деп түсіндірді бұл жағдайды Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Нұрғазина.