ШҚО-да Батыс Алтай қорығын су басты
ШҚО-да жауын-шашын мен таудағы еріген қар суының салдарынан Линейчиха, Ақ және Қара Үбе өзендері арнасынан асты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- Қорықтағы жолдарды, көпірлерді су шайып кетті, жерде үлкен жыралар пайда болды, өзен бойындағы ағаштар опырылды, - деп жазылған Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының хабарламасында.