KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, З
497.26 525.21 4.97

ШҚО-да кене шаққан бала реанимациядан бірақ шықты

28.05.2019, 04:27 177

Өскеменде жасөспірім кене шаққаннан кейін реанимацияға түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Өскемен қаласының тұрғыны 16-27 сәуір аралығында Алматы облысында жарыста болған екен. Кене сол кезде, дәлірек айтсақ, 24 сәуір күні шаққан. Алайда жеткіншек бірден байқай қоймапты оны. Өскеменге келгеннен кейін ғана басы ауырып, дене қызуы көтерліген.

 

– Энцефалит ауруын 10-20 күн аралығында байқауға болады. Біршама уақыт өтіп кеткендіктен, бала ауруханаға ауыр күйде жеткізілді. Бірден жан сақтау бөліміне жатқыздық. Ол жерде толықтай медициналық көмек көрсетілді, сондай-ақ мидың ісінуінің алдын алу шаралары жасалды. Содан кейін ғана науқасты неврология бөліміне ауыстырдық. Кенеге қарсы гамма-глобулиннің курсы жалғаса береді. Бала ұзақ уақыт емделуі керек, – деп түсіндірді неврологиялық бөлімнің меңгерушісі Зайра Танабаева.

 

Мамандар қазір қауіпті вирустарды тасымалдаушы кенелердің белсенділігі жоғары екенін айтады. Кене шаққан жағдайда бірден дәрігерлерге, медициналық пункттерге жүгінуге кеңес береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу