Өскеменнің дәріханаларынан енді рецептсіз дәрі ала алмайсыз
Өскеменнің дәріханаларына дәрігердің қолынсыз сатылмайтын дәрілер тізімі ілініп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала дәріханаларына дәрігердің қолы қойылмаса сатылмайтын дәрілер тізімі ілініп жатыр. Олар: гормондық, микробқа қарсы, жүрек, іш-құрылыс дәрілері және психотроптық заттар мен антибиотиктер.
Ал дәрумен, сироп, мұрынға тамызатын тамшы, шөпшәй, тұмау мен ауырсынуды басатын дәрілер рецептсіз сатыла береді.
Осы мәселе бұдан бұрын денсаулық сақтау басқармасында қозғалған болатын.