Өскеменде электронды билет жүйесін енгізу кейінге шегерілді
Өскемендегі қоғамдық көлікте электронды билеттерді енгізу уақыты тағы кейінге шегерілді. Бұл туралы қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Еркін Тұраров мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Анықталғандай, осы айдың соңында конкурстық құжаттамаға өзгерту енгізіліп, одан кейін ғана жобаны жүзеге асыру үшін конкурс жарияланбақ екен.
Қазір электронды билеттердің енгізілуіне мектептер дайындалып жатыр. Мектеп оқушыларының жол ақысына жеңілдік берілу үшін барлық балалардың электронды түрде фотосуреттері қажет екен.
Айта кетсек,электронды билет жүйесі бойынша қала тұрғындары арнайы жол жүру картасын пайдаланатын болады.