Зайсанның жастары мектеп бітіру кешінен неге бас тартты? (ВИДЕО)
Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан ауданына қарайтын Сарытерек ауылының мектеп бітірушілері түлектер кешінен бас тартты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Сыныптастар есесіне жиналған қаражатты мектеп ауласын гүлдендіруге жұмсамақ. «Біз қымбат мейрамханалар мен аста-төк дастарханнан бас тартамыз» деп ұрандаған оқушылар өзге да қатарластарына видеосәлем жолдады.
Сөз соңында Сарытерек жастары бұл эстафетаны өңірдің барлық мектеп бітірушілеріне тапсырамыз деп қадап айтты.
Оқи отырыңыз