Семейде екі көшенің салтанатты ашылу рәсімі болады
![](/kz/engine/skins/images/noimage.jpg)
Семейде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен баспасөз жиыны өтті. Бұл жиында Қарағайлы ауданының көшелері қалай аталатыны және жаңа көшелердің қашан ашылатыны айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Былтыр Қарағайлының орталық көшелері үш бидің атымен атау керектігі айтылған болатын. Бұл ұсыныс қаладағы ұжымдар тарапынан бір ауыздан қолданған. Енді көшелерге ат беру ісі басталғанда біз осы ұсынысты облыстық ономастикалық комиссияға жеткіземіз, – деді Маржан Бахытқызы.
Айта кетейік, 21 мамырда Әзілхан Нұршайықов және Тұрсынғазы Рахимов атындағы көшелердің ашылуы болады. Ал қалған Жібек жолы, Ардагерлер, Берел, Самал, Нұрсая сынды көшелердің ашылуы қаржылық мәселе қарастырылғанда белгілі болады.
Мамандар сөзінше, көше атауы жазылған бір тақта 2800 теңге. Қаладағы жеті көшенің тақтайшаларын ауыстыруға 1 миллиондай қаражат кетеді.
Маржан Бахытқызы тақтайшаларды ауыстыруға тұрғындар қалтасынан ешқандай ақша шықпайтынын айтады. Бұл іске жеке кәсіпкерлер тартылады екен.
Айта кетейік, көше атауын ауыстыруға кез келген адам ұсыныс жасай алады екен. Ұсыныстар көше атауын өзгеруге қатысты мораторий алынғаннан кейін бірден қарастырылады.