KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 1 м/с, С
521.81 543.67 5.05

"Супер келін" ШҚО-дағы келіндер байқауының жеңімпазы анықталды

16.05.2019, 04:14 139

Жарма ауданында өткен байқауда Семейдің келіні үздіктер қатарының алдынан көрінді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Байқау бастала сала: "Қатысушыларды қарсыластарым емес, абысындарымдай көремін" деп ерекше саналылығымен көзге түскен Айдана бас жүлдені қанжығасына байлады. Отбасы тірлігімен қатар білімді де алып жүрген магистр келін өзінің шапшаңдығымен ғана емес, театрландырылған көрініс арқылы да жұртты аузына қаратты.

-Менің бүгінгі жеңісім қос анамның маған берген тәрбиесінің арқасы. Жарымның қолдауы мен сенімі болмаса, осындай жетістікке жетпес те едім. Екі баланы тәрбиелеп отырғандықтан дайындықта біраз қиындықтар болды, бірақ жақындарымның көмегімен ол да аса білінбеді – дейді жас келін.

Айта кетсек, байқау қатысушылары гүл шоқтарымен марапатталып, мультиварка сыйға алды. Жүлделі үшінші орынды алған Жарма ауданының келіні – Гулмира Жусанбаева кір жуу мәшинесін, екінші орын қанжығалаған – Мақпал Ебін электр пешін, ал бас жүлденің иегері – Айдана Бауыржанова теледидармен отбасын қуантты.

Айтпақшы, үздік келін атанған Айдана Бауыржановның Тарбағатайдың қызы екендігін де айта  кетейік.

Киіз үй тігіліп, қазан ошақ құрылып, самаурын қайнағанда, қарлы күннің өзі шуақты өткендей. Атаулы байқауда игі істер де орын алғанын айта өткен жөн. Өскеменнің үмітін ақтауға келген Лұқпанова Іңкәр «Рахат» бала-бақшасының атынан Жарма ауданындағы аз қамтылған отбасына 30 мың теңге ұсынды. Салт-дәстүрді жаңғыртқан келіндер бәйгесінде Шағангүл Алдамжарқызы Бесқарағай ауданынан келген Бәтима келіннің қызының тұсауын кесіп, батасын берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу