KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 1 м/с, С
521.81 543.67 5.05

"Нағыз фокусниктер" Даниал Ахметов бұрынғы әкімдер туралы айтты

16.05.2019, 03:44 62

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Өскеменнің жаңа ауданындағы жердің көпшілігі жеке меншікке өтіп кеткенін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Даниал Ахметов бірнеше жылдан бері қомақты бюджет қаражаты салынып келе жатқан 19-тұрғын ауданның аумағы туралы адам таңқаларлық мәліметтерге көз жеткізді.

– Мен аталмыш ауданға бардым. Бардым да, бұрынғы әкімдердің ісіне қатты қапаланып қайттым. Біз бар күшімізді жұмсап, инфрақұрылым тартамыз деп жүрген жерлердің барлығы жеке тұлғаларға сатылып қойған. Бұны қай әкім, қай жылы істегенін анықтаңдар! Біз үй салып, адамдарды баспанамен қамтамасыз етеміз деп жүрсек, олар бәрін сатып жіберген. Айтарға сөз жоқ, нағыз фокусниктер, – деді аймақ басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу