KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
485.04 525.98 5.04

Президенттікке үміткердің бірі емтиханнан өтпей қалды

2.05.2019, 10:04 161

"Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігінің атынан президент сайлауына түсуге ниет білдірген үміткер Жұматай Алиев қазақ тілінен емтихан тапсырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Лингвистикалық комиссияның мүшесі Әділ Ахметовтің мәлімдеуінше, кандидаттың қазақ тілін меңгеру деңгейі төмен.

-  Бірінші тапсырма - "Мемлекет және дін" тақырыбына шығарма жазу, екінші тапсырма – Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" романынан үзінді оқу, үшінші тапсырма – еркін тақырыпта баяндама жасау. Жазбаша тапсырмаға үміткер 1,5 сағаттан артық уақыт жұмсады. Комиссия бұл кандидат қазақ тілін меңгермеген деген қорытындыға келіп отыр. Жазбаша тапсырмада өте өрескел қателер жіберді -  пунктуация, стилистика бойынша барлығы 19 қате, - деді Әділ Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив