ШҚО-да интернетке байланысты типтік жоба әзірленді
Шығыс Қазақстанда интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ететін антенна-діңгек құрылыстарының типтік жобасын әзірленді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыс әкімі елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету маңызды әлеуметтік мәселенің бірі, деді.
– 126 ауылда қолжетімділік проблемасы бар, сондықтан біз ауылдарда орнатылатын антенна-діңгек құрылыстарының типтік жобасын әзірледік. Денешынықтыру-спорт кешендерінің құрылысына тоқталатын болсақ. Тұрғындар саны үш мыңға жетпейтін ауылдарда Айыртау ауылындағыдай типтік жоба құратын боламыз. Ал үш мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендердегі жобалар – Таврия ауылындағы спорттық нысанға ұқсас болады. 50, 100, 320, 600 және 1200 орынға арналған мектептер бойынша бізде үлгілік жобалары әзірленді және қажет болған жағдайда оларды пайдаланатын боламыз, – деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыс әкімі бірқатар маңызды әлеуметтік мәселелерді талқылаған кеңес өткізді.