KZ
Өскемен
-22°
ясно жел 1 м/с, С
514.93 536.04 5.18

Дүкен маңдайшаларына латынша жазуға болмайды. Неге?

12.04.2019, 03:09 306

Тіл мамандары кәсіпкерлерден дүкендердің маңдайына және басқа да көрнекі жерлерге латын қарпімен жазуға асықпау керегін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

– Ғалымдар бір шешімге келіп, орфографиялық сөздік шығарған жоқ әлі. Нақты шешім шықпай тұрып, асығыс қимылдамаңыздар, екі жұмыс болады, – деді Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек.

 

Маманның сөзінше, латын қарпі төңірегінде дау-дамай әлі көп.

– Ахмет Байтұрсыновтың әліпбиінде 24 әріп болған. Бізге сол 24-26 таңба жеткілікті деп ойламын. Бірақ қазір бізде 32 таңба болып тұр. Бұл төңіректе қарастыратын  мәселе әлі көп. Мәселен, «министр», «бюллетень» деген сынды өзге ұлттан енген сөздерді қалай таңбалаймыз? – деді Ерден Қажыбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу