KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, С
480.11 532.25 5.14

2-1. "Алтай" сенсация жасады! "Астана" өтпей қалды

10.04.2019, 11:52 138

Семейлік «Алтай» сенсация жасады. Жерлестеріміз Қазақстан кубогы үшін жарыстың 1/8 финалында ел чемпионы «Астанадан» басым түсті.

Өскемендегі «Восток» стадионына өткен ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Матчтағы есепті қонақтар ашты. Кездесудің 25-ші минутында «Алтай» қақпасын елордалық клубтың жартылай қорғаушысы Серікжан Мұжықов дәл көздеді. Бұл есеп бірінші таймның соңына дейін өзгеріссіз қалды.

 

Ал үзілістен кейін шабуылға көбірек ден қойған алтайлықтар ақыр соңында қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Ойынның 64-ші минутында алаң иелерінің қорғаушысы Әнуар Ұмашевтің қанжығасы майланды.

Бұдан кейін қарсыластар бір-бірінің қақпасына оқтын-оқтын шабуыл ұйымдастырғанымен, негізгі уақытта да, овертаймда да гол соғылған жоқ.

 

Кездесудегі жеңімпаз тек пенальти сериясында ғана анықталды. Және бұл «Алтай» болды. Семейлік ұжым серияда 15:14 есебімен жеңіске жетіп, жарыстың келесі кезеңіне, яғни ширек финалға жолдама алды.
Ал құрамында Александр Мокин, Дмитрий Шомко, Серікжан Мұжықов пен Роман Мұртазаев сынды тәжірибелі ойыншылары бар «Астана» ойламаған жерден ел кубогы үшін жарысты аяқтауға мәжбүр болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив