KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
480.11 532.25 5.14

Наурызда тиындарды банкнотқа айырбастап, сыйлық ал!

20.03.2019, 05:11 115

 

Ұлттық Банктің Шығыс Қазақстандағы филиалы облыс халқын келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап,  табиғатпен бірге жаңаруға шақырды. Олар жиналып қалған ұсақ тиын ақшалардан арылуға мүмкіндік жасайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Тиындарды Ұлттық Банктің ШҚО филиалының кассасында ешқандай комиссиясыз банкнотқа айырбастап алуға болады.

 

50 мыңнан астам сомаға тиын өткізген клиенттерге сыйлықтар беріледі (естелік тиындар, Ұлттық Банктің полиграфиялық өнімдері, кәдесыйлар және т.б.).

 

Кассаның жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін. Үзіліс уақыты: 13.00-14.00. Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 3.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив