KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
443.44 480.51 4.88

ШҚО-да кене наурыз айында оянуы мүмкін

14.03.2019, 09:23 114

 

 

Осы жылдың қыс мезгілі кене атаулы жәндіктер үшін жайлы болды. Қары мол әрі жердің тоңы аса қалың емес болуы кенелердің қыстап шығуына қолайлы болып табылады. Осы орайда аймақтың санитар дәрігерлері көктем мезгілінде кенелер популяциясының азаймайтынын айтып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

-Кенелер ерте көктемде, қар еріп, ауа температурасы плюс үш градусқа дейін көтерілгенде оянады, - дейді ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау депаратаменті басшысының орынбасары Гүлайым Тағаева. – Күннің жылуы плюс он градусқа жеткенде, олар белсенді қимылдай бастайды. Олардың өмір сүруіне ең қолайлы температура – плюс 20 градус. Кенелердің шабуылы сәуір айының екінші жартысында бастау алып, мамыр айында шарықтау шегіне жетеді екен.

 

Жүргізілген мониторингтің нәтижесі бойынша, кененің ең ерте шабуылы 2016 жылдың 21 наурызында тіркелген. Ол көктем ерте шығып, күн тез жылыған мерзім болыпты.

 

Сондықтан, департамент мамандары табиғатқа демалуға шыққандарға наурыз айынан бастап абай болуға шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив