KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
475.18 510.72 5.47

Кене энцефалиті

16.04.2014, 18:00 224



Күн жылынып, шуақты көктем келісімен біз, табиғат аясына демалуға асығамыз. Орманға, омарта жеріне, шөп шабуға шығар кезде біз өзімізді кене шағудан қорғауымыз керек. Кенелердің белсенді әрекет ету мерзімі - сәуір-маусым айлары. Отбасымызбен табиғат аясындағы демалыс уақытында келеңсіз жайттарға душар болмас үшін, кейбір сақтық шараларын есте ұстаған жөн.

Кенелер қауіпті ауруларды тасымалдаушы жәндіктер болып табылады, солардың бірі кене энцефалиті.

Кене энцефалиті - қалтырау, жүйке жүйесін зақымдайтын, сал ауруын тудыратын жіті инфекциялық, табиғи ошақтың аурушаңдық.

Кене энцефалитінің вирусын кенелер таратады. Зақымдану кене шаққан кезде және энцефалит вирусы бар кенемен зақымдаған жануардың шикі сүтінен де жұғу фактілері бар. Зақымдану маусымы көктем - жаз мезгілінде тіркеледі.

Өскемен қаласында эпидемиологиялық маусымның басынан бері 215 адамды кене шаққан. Олардың ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны 73.

Кене инфекциясының өзектілігіне байланысты Өскемен қаласының әрбір тұрғыны кене шағудан қорғанудың қарапайым ережелерін есте ұстаған жөн:

- Кенелер әдетте таңғы және кешкі уақыттарда белсенді әрекет етеді. Ылғалды, қараңғы жерлерді, құрғақ бұталардың арасында кездеседі. Күннің ыстық мезгілінде кенелер жасырын отырады, құрғақ ыстық ауаны жақсы көрмейді. Сондықтан күн жақсы түсетін, құрғақ орын демалу үшін аса қолайлы.

- Орман ішінде жол бойында өсіп тұрған гүлдерді басқа да өсімдіктерді жұлып не өзіңе қарай тартуға болмайды. Өйткені өсімдіктегі кенелерді сілкіп, өзіңе не арттағы басқа жолаушыларға қауіп төндіресіз.

- Орманға, табиғатқа шығарда жеңі ұзын көйлек, шалбар кию керек. Көйлекті шалбардың ішіне салып кию керек. Бас орамал не басқа да бас киім киіп шыққан дұрыс. Ашық түсті киім киген жөн, өйткені мұндай киімдерден кенелерді табу оңай.

- Серуендеп жүрген кезде әр 1-2,5 сағат сайын өзіңді және басқа да бірге жүрген адамдарды кенелердің бар-жоғына тексеріп отыру керек. Тексеру кезінде әсіресе шаштың арасын, дененің бүгілетін жерлерін, шаптың қолтықтың арасын, құлақтың артын мұқият қарау керек.

- Сақтық шарасы ретінде көгалға отыруға не жатуға болмайды. Ұйықтауға және демалуға таңдалған жерлерді құрғақ кептен, шөптерден, бұталардан тазарту керек.

- Үйге келгеннен кейін киімдерді сілкіп, денені тексеру керек.

- Жаңадан жинап әкелген гүл не басқа да өсімдіктерді сілкіп, тексеріп үйге кіргізген дұрыс. Далалан келген барлық заттарды кенелердің бар-жоғына тексеру керек.

- Ит және басқа да жануарлардың денесін мұқият тексеру керек;

- Кенені қолмен сығып өлтіруге болмайды, өйткені ауру қоздырғыштар дененің микро жарақаттары арқылы денеге өтуі мүмкін.

- Кене шаққан жағдайда алғашқы серологиялық көмек көрсететін тәулік бойы жұмыс жасайтын пункттер: Амбулаториялық орталық (Абай дң. 16), № 2 калалық емхана (Буров к., 61), Ана мен бала орталығы (Өтепов к., 37). Жұмыс күндері №1 ОДА (Согра кенті), Сол жағалау клиникасы (№11 ОДА), №16 ОДА (Меновное кенті).

- Егер мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда кенені өзіңіз алыңыз.

Кене энцефалиті

Кенені өзіңіз денеден алған кезде келесі ұсыныстарды есте ұстаңыз:

- Кенені қысқышпен (пинцет) не қалыңдау жіппен кененің бас тұсына неғұрлым жақын әкеліп, баяу оңды солды шайқап, денеге жабасқан басын босату керек. Кенені денеге батыруға болмайды.

- Егер кенені босату кезінде басы қалып қалса, сол жерді спиртпен сүртіп, стерильді инемен (отқа қызған) кененің басын жұлып алу керек. Кене шаққан жерді йод ерітіндісімен не спиртпен сүртіп, қолды сабындап жуу керек.

Кенені шағу жерінен алған не алмаған жағдайда да, иксодты кенелермен таралатын зақымдануды болдырмау үшін, ерте диагностикалау мақсатында міндетті түрде медициналық мекемелерге қаралу қажет.

Табиғат аясында демалу кезінде сақтық шараларын есте сақтаған жағдайда Сіз денсаулығыңызды жұқпалардан қорғап, уақытыңызды пайдалы өткізесіз!

ШҚО ТҚҚД «Өскемен қ тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы» РММ
басшысы орынбасарының м.а. А. Сағындықов




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив