KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Есігіңізді коллектор келіп қағып тұрса қайтпек керек?

13.03.2019, 10:08 300

Ол кім дейсіз бе? Сіз оны тануыңыз керек. Коллектор – банк пен борышкердің арасындағы дәнекер, араағайын десе де болады. Әңгіме барасында сіз қандай құқықтарға иесіз? Коллекторлар қандай ережелерді сақтауы тиіс? Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі дайындаған арнайы жадынамаға сүйене отырып Алтайньюс тілшісі айтады.


1. Коллекторлық агенттік Ұлттық банкке тіркелген, арнайы тізімге енгізілген болуы тиіс. Агенттік тізімде болған жағдайда ғана оның әрекеті заңды. (осы құжатты талап ете аласыз)


2. Банкпен немесе микроқаржы ұйымымен (МҚҰ) жасалған келісімшартта ақшаны өндіру үшін үшінші тұлғаны тарту туралы тармақ болуы тиіс. Болмаған жағдайда, коллектордың қоңырау шалуы – заңсыз деп танылады.


Бірақ Банктер мен МҚҰ қарызды талап ету құқығын коллекторларға бере алады, яғни оны агенттікке сатады. Бұл ретте коллекторлар берілген шарттың талаптарын және банктерге мен МҚҰ-ға қойылатын барлық талаптарды, шектеулерді сақтауға міндетті. Айта кету керек, жеке тұлғамен жасалған шартта кепілге тұрғын үй қойылған болса, МҚҰ берешекті өндіріп алу үшін коллекторлық агенттікті тарта алмайды.


3. Төлем мерзімі кешіктірілген күндерді санау. Қарыз алушы төлемді банктік қарыз шарты бойынша 90 күннен астам кешіктірген жағдайда Банк талап ету құқығын ие. Ал жеке тұлғаның ипотекалық қарызы бойынша 180 күннен астам болуы тиіс.


Сізге коллекторлар жүгінгеннен кейін, банктер мен МҚҰ қарызды өндіріп алу үшін сізді сотқа бере алмайды. Сондай-ақ өндіріп алушылардан кейін сыйақы, комиссиялар мен өзге де төлемдерді төлеуді талап етуге құқы жоқ.


Коллектор өзін қалай ұстауы керек:


— Алғаш байланысқа шыққанда-ақ, өзін таныстырып, Коллекторлар
агентігінің тізілімінде тіркелген номерді айтуы тиіс. Несиенің атауын көрсетіп, берешек туралы ақпарат беруге міндетті.


— Жұмыс күндері сағат 8.00-21.00 аралығында ғана борышкерге
қоңырау шалып немесе кездесе алады. Оның өзінде ұзын саны – үшеу, тиісінше аптасына бір ғана мүмкіндігі бар.


— Коллекторлық агенттіктің уәкілеттілігін растайтын құжаттардың
көшірмесін ұсынуы тиіс.


— Келіссөзді аудио және видеотехниканың көмегімен агенттіктің
ғимаратында ғана бекіте алады.


— Борышкерден алынған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуі
тиіс.


Коллекторлік агенттіктің борышкерді қорқытуына, қорлауына, бопсалауына, сондай-ақ оның коммерциялық немесе ҚР заңдарымен қорғалатын өзге де құпиясын жария етуіне тыйым салынады.


Егер коллекторлар құқыңызды таптаса, Ұлттық банкке немесе оның жергілікті филиалдарына хабарласыңыз.

Телефоны: +7 (7232) 56–06–70

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив