KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 3 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Универсиада - 2019: Медальдардың саны өсіп келе жатыр

11.03.2019, 05:47 141

Красноярскідегі ХХІХ қысқы Универсиадада ел намысын қорғап жатқан шығысқазақстандық спортшылар аса сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Байрақты бәсекеде алдымен шаңғышыларымыз көзге түсті. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, спринтерлік сайыста бақ сынаған семейлік Әсет Дүйсенов финалда 2 минут 49,41 секундқа тең нәтиже көрсетіп, мәре сызығын екінші болып кесті. Осылайша, ел қоржынына екінші жүлде салған жерлесіміз жарыс жеңімпазы атанған ресейлік Александр Терентьевтен небәрі 0,02 секундқа қалып қойған-ды.


Бұл шаңғышыларымыз әперген соңғы жүлде болған жоқ. Іле-шала ерлер құрамасы 4x7,5 шақырымдық эстафетада екінші орын иеленді. Аталған жарыста алтын медальға жергілікті шаңғышылар иелік етсе, үшінші орынға Финляндия құрамасы көтерілді.


Хоккейшілеріміз де жарап тұр. Жарыстың топтық кезеңінің соңғы ойынында негізгі қарсыласы Канада құрамасын 4:3 есебімен тізе бүктірген отандастарымыз Универсиаданың жүлделеріне таласу мүмкіндігіне ие болды. Айта кетейік, Ресей жерінде ел намысын Өскемен хоккей мектебінің түлектері Степан Александров, Дмитрий Гренц, Сергей Кудрявцев, Валерий Севидов пен Аркадий Шестаков қорғауда.


Ал жексенбі күні Павел Колмаковтың қанжығасы майланды. Параллельді могул сайысында өнер көрсеткен шығысқазақстандық фристайлшы күміс медаль иегері атанды.
Финалда қазақстандық шебер биылғы Әлем кубогының күміс жүлдегері, жапониялық Икума Хорисимаға жол берді. Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасы үшін биылғы Универсиададағы жетінші медаль болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив