Семейдегі дүкен иелеріне бағаны бірқалыпта ұстау туралы нұсқау берілді
Семей қаласы әкімінің орынбасары К. Әділбаев Семейдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы халыққа қолжетімде ме, соны білу үшін сауда дүкендерін аралап шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Нива» дүкені, «Ақшың» базары, «Адал», «Тамаша», «Апрель» және тағы басқа сауда орындары тексерілді. Дүкен иелеріне бағаны бірқалыпта ұстау туралы нұсқау берілді.
Дүкендерді аралау барысында жеке сатылымдағы тауар түрлеріне мониторинг жасалып, бекітілген меморандумдардың орындалу жағдайы қаралды. Әлеуметтік азық-түліктерге бағаны шарықтатпай, тек 10 пайыздық қана үстеме қосылу қажеттігі де айтылды.
Оқи отырыңыз