ШҚО ауылдарының жартысынан астамына әлі су тартылған жоқ
Облыстағы ауылдардың жартысынан астамы әлі орталықтандырылған су жүйесіне қосылмаған. Тіпті таза ауызсуға ауадай зар болып отырған елді мекендер бар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі 24.кз телеарнасына сілтеме беріп.
Мәселен, Ұлан ауданына қарасты Айыртау ауылы суды тасып ішеді. Бұл тізімді Зайсан, Тарбағатайдың ауылдары жалғастыра алады.
Мамандар алдағы уақытта бұл мәселенің шешілетіндігіне уәде беріп отыр. Айтысынша, былтыр 18 ауылға су тартылыпты. Оған мемлекеттік бюджеттен 8,5 миллиард теңге жұмсалған.
Әлі су тартылмаған 54 елді мекен бар. Оларға 51,5 миллион теңге қажет. Биыл соның 23-ін таза сумен қамтамасыз етпек. Семей, Жарма, Тарбағатай, Күршім, Жарма, Көкпекті, Аягөз аудандарына қарасты ауылдар.
Биылғы жоспарды есептесек, облыстағы ауылдардың 56 пайызы сумен қамтамасыз етіледі екен.
– 50 түтіннен асатын ауылдарды анықтап жатырмыз. Жұмысты солардан бастаймыз, – дейді облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат Мұсатаев.