ШҚО-да тағы бір паром өткелі қалпына келтіріледі
ШҚО, Алтай ауданында Октябрь өткелін қалпына келтіру жоспарлануда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аудандық ТҮКШ бөлімінің мәлімдеуінше, бұл жердегі басты мақсат туристерді тарту.
– Қазіргі уақытта осы мәселе бойынша жеке инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Өткел жеке қаражат есебінен қалпына келтірілмек, – дейді аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Клара Саяқова.
Бұл жердегі тағы бір мәселе - жағалаудағы жолдың сапасыздығы. Бұқтырма су қоймасындағы бұрынғы паром тоқтайтын айлақтан асфальт жолға дейінгі аралықтың жағдайы қиындау.