KZ
Өскемен
-25°
туман жел 1 м/с, С
514.93 536.04 5.18

ШҚО-да құрылыс қарқыны жоғары

шартты сурет

20.12.2022, 09:50 267 Оразай Жеңісұлы

Облыс басшылығы халықтың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешуде тұрғын үй құрылысына ерекше көңіл бөліп келеді.

Мәселен биыл барлық қаржыландыру көздері есебінен 187 млрд. теңгеге 861 мың м2 тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Соның 348 мың м2 көлемін жыл соңына дейін пайдалануға беру көзделген. Бұл ретте өсім 126% болады, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Оған қоса, 67 коммерциялық үй (519,2 мың м2) салынып жатыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп (2021 ж. – 52 үй, 315 мың м2).

«Бір қабатты Шығыс» өңірлік бағдарламасы бойынша 2020 жылдан бастап көп балалы аналар мен әлеуметтік осал топтар үшін жеке инвесторлардан облыс бюджеті арқылы 4,2 млрд. теңгеге 349 пәтер сатып алынды.

Сондай-ақ Шығыс өңірінде әлеуметтік инфрақұрылым жоспарлы түрде дамып келеді. Қазіргі уақытта 21 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр: 7 – білім беру, 4 – денсаулық сақтау, 7 – спорт, 2 – мәдениет, 1 – өзге сала бойынша. Осының 16-сы пайдалануға беріледі: 5 білім беру, 7 спорт, 2 денсаулық сақтау және мәдениет нысаны.

Осы орайда спорттық инфрақұрылымды кеңейтуге басымдық берілгенін айтуымыз керек. Соңғы екі жылда 9 спорт нысаны іске қосылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу