KZ
Өскемен
+1°
снег жел 11 м/с, Ю
527.58 546.15 5.29

Төрт күн бұрын жарылған құбыр әлі жөнделмеді – Өскемен

21.12.2022, 21:10 512 Оразай Жеңісұлы

Назарбаев даңғылы мен Стахановская көшесінің қиылысында төрт күн бұрын су құбыры  жарылған.

Жөндеу жұмыстары әлі жүргізілмеді, су нөсер кәрізіне ағып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тұрғындар «Өскемен Водоканал» мекемесінің жауапсыздығына наразы.

«Шұңқырдың жанында қоршау орнатып кетті. Бірақ ешкім жөндеу жұмыстарын жүргізбеді. Су толассыз ағып жатса да, авариялық қызметтер қол қусырып отыр», - дейді Назарбаев даңғылындағы №62 үйдің тұрғындары.

Бар мәселе құжаттарда екені белгілі болды. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті рұқсат қажет.

«Қызметкерлер 20 желтоқсанға қараған түні бекіту арматурасын ауыстырған. Кеше бригада Назарбаев даңғылы, 62 үйдің маңында ағып жатқан суды тоқтатты. Бұл жұмыс тоқтап қалмайды», - деп мәлімдеді «Өскемен-Водоканалдың» баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу