KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями Штиль
479.23 534.96 5.16

Сот қызметкерлері төл мерекелерін атап өтті

29.06.2024, 14:00 112 Айна Ескенқызы

Бүгін облыстың сот корпусы кәсіби мерекелері - Судья және сот қызметкері күнін салтанатты түрде атап өтті.
Мерекелік шараға сот жүйесінің ардагерлері, судьялар мен Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері қатыств, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев маңызы зор сала өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Өңір басшысы судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің өз ісіне адалдығы мен жоғары кәсібилігін атап өтті. 

-Құрметті судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлері баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтаймын. Сот жүйесі - мемлекеттің маңызды саласының бірі. Президентіміз сот жүйесі қызметінің сапасына, сала мамандарының кәсіби біліктілігіне, әділ сот төрелігін орнатуға ұдайы назар аударады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы соттар мен сот қызметі қазіргі заман талабына сай болуы қажеттігін, әрбір азаматтың, бизнес өкілдері мен инвесторлардың құқығын қорғауға тиіс екенін үнемі айтып келеді. Сот жүйесі мен сот шешімдері арқылы әділдік іздеген азаматтардың үміті ақталады деп сенемін. Сіздер сот қызметінің жетілуіне өлшеусіз еңбек сіңіріп келе жатырсыздар. Еңбектеріңіз жемісті болсын, - деді құттықтау сөзінде өңір басшысы Ермек Көшербаев. 

Мерекелік шара барысында облыс әкімі қызметінде ерекшеленген бірқатар қызметкерді Құрмет грамотасымен және алғыс хатпен марапаттады. Аймақ басшысының қолынан Құрмет грамотасын алғандардың арасында Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Әкетай Мұратғали, облыстық соттың судьялары Гүлжан Абдрахманова, Людмила Алпысова бар. Бұдан басқа ведомстволық наградалармен, мерейтойлық медальдармен марапатталғандардың арасында ардагерлер, судьялар мен сот қызметкерлері болды. 

Бүгінде доғарыстағы судья Алтайбек Ануарбеков сот жүйесінде жиырма сегіз жыл қызмет етіпті. Еңбек жолын 1987 жылы Катонқарағай ауданында халық судьясы болып бастаған Алтайбек Ануарбекұлы кейін Өскемен, Риддер қалаларында сот жүйесінде жемісті қызмет еткен.

-Қоғамдағы әділ шешімді орнататын судьялар, қазір сот жүйесінде көп өзгерістер болып жатыр. Ол дұрыс деп санаймын, - дейді ардагер.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының бұрынғы басшысы Тоғжан Киреева қазіргі сот жүйесі цифрлық заманауи технологияларды қолданудың арқасында бұрынғыға қарағанда  ашық, қолжетімді екенін атап өтті. 

-Бүгінде сот отырыстарына қашықтан да қатысуға мүмкіндік туды. Бүгінгі судьялар заңмен қатар сандық технологияларды да жетік меңгерген білікті мамандар. Олар жеке азаматтардың ғана емес, бизнестің де мүддесін қорғайды. Ата Заңда жазылған заңдылықтардың орындалуын жүзеге асыратын кәсіби шеберліктері жоғары мамандар, - дейді Тоғжан Киреева. 

 Салтанатты кеш отандық және халықаралық байқаулардың лауреаттары мен өнер иелерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив