KZ
Өскемен
+29°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Өскемендегі көпқабатты үйде өрт шықты (видео)

pixabay.com

29.06.2024, 12:00 53 Назерке Каримова

Қазыбек би даңғылындағы алты қабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.

Өрт кезінде 12 тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.

– Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде тұрғын үйдің ішінен қалың түтін шығып жатты. Өрт сөндірушілер 12 тұрғынды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады.  10 шаршы метр аудандағы өрт жедел түрде жойылды. Зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.


Алдын ала болжам бойынша, өрт электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау салдарынан шыққан.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив