Қазақстан Париж Паралимпиадасына тағы екі квота алды
![](/kz/uploads/posts/2024-06/photo1719578244.webp)
t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi
Қазақстанның халықаралық аренада сәтті өнер көрсетуін ескере отырып, еліміздің пара жеңіл атлеттеріне Париж-2024 ойындарына қатысуға үш квота бөлді.
Қазіргі уақытта Қазақстанның Паралимпиада ойындарында спорттың 8 түрінен 16 лицензия бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Спорт министрлігі ақпаратына сүйенпі.
Белгіленген үш квотаның бірін 2023 жылы пара жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған Дастан Мұқашбеков иеленді. Қалған екі квота ұлттық құрамадағы бір әйелге және бір ер адамға бөлінді.
Қазіргі уақытта Қазақстанның Паралимпиада ойындарында спорттың 8 түрінен 16 лицензия бар. Олардың ішінде: пара пауэрлифтинг (1), пара жеңіл атлетика (3), пара жүзу (4), волейболды отырып ойнау (1), пара үстел теннисі (1), пара таеквондо (3), пара каноэ (2) және пара оқ ату (1).
Биылғы Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде өтеді. Жарыста 23 спорт түрінен 549 медаль жиынтығы ойналады.