Автожолдарды жөндеуге арналған бағаларды есептеу процестері автоматтандырылады

Фото: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
2023 жылдан бастап автожолдарды жөндеуге арналған бағалар арнайы бағдарлама арқылы есептелетін болады. Dorsmeta бағдарламасы смета жасау кезінде адами факторды жояды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің тапсырысы бойынша «ҚазжолҒЗИ» АҚ мамандары республикалық маңызы бар қалалық жолдар мен автомобиль магистральдарын күтіп ұстауға, ағымдағы және орташа жөндеуге арналған бағаларды есептеу процестерін автоматтандыруға мүмкіндік беретін «цифрлық сметалық жүйені» құру бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Dorsmeta» бағдарламасы есептеулерді нақтылауға, белгілі бір жұмыстарды орындау құнын анықтайтын қаржылық құжаттарды дайындауды жеделдетуге арналған. Тағы бір маңыздылығы – тапсырыс берушілердің немесе жол жөндеу мердігерлерінің есеп айырысу кезінде адами факторды болдырмауы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуы.
Аталмыш бағдарлама бойынша жұмыстар 2019 жылдан бастап жүргізілуде, жобаны 2023 жылы пайдалануға беру жоспарда бар.