Министрлер енді халыққа ашықтығы бойынша бағаланады
Қазақстанда министрлердің халыққа қаншалықты ашық екені бағаланады.
Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі 31 қаңтарда өткен үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Altaynews Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша,елімізде жаңа индикатор әзірленіп, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтық дәрежесін бағалау әдістемесінің жобасына "Халықпен кездесу" енгізілді.
Бекітілген кесте министрлердің сапарын реттейді екен. Қаулы талаптарына сай министрлермен қатар вице-министрлер мен ведомство төрағаларының да өңірлерге іссапармен баруы міндеттеледі. Мемлекеттік органдар вице-министрлер мен комитет төрағаларының отырыстарының ведомстволық жоспарын бекітіп, әр отырыс туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне есеп беруі қажет.