KZ
Өскемен
-9°
туман жел 3 м/с, ОШ
523.86 544.34 5.11

Шығыстағы мемлекеттік қызметкерлердің дені – әйелдер

8.02.2023, 20:22 430 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да мемлекеттік қызметкерлердің дені нәзік жандылар екен.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Еркебаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен пресс-конференция барысында айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Нақтырақ айтсақ, аймақтағы 3614 мемлекеттік қызметкерлердің 33% -ын ерлер, 67% -ын әйелдер, ал 17%-ын 29 жасқа дейінгі жастар және небәрі 3%-ын ғана зейнеткерлер мен зейнет жасына жақындағандар құрайды.

Өткен жылдың 19 наурызындағы Президенттің Жолдауынан кейін 3 жаңа облыс құрылды.  Нақты аумақтық бөліністен кейін Шығыс Қазақстан облысында 367 мемлекеттік орган мен мемлекеттік қызметшілердің 3962 штат бірлігі қалып отыр.  Бүгінде аймақта мемлекеттік қызметте еңбек ететін қызметшілердің 91%-ында жоғары білімі бар.  Сондай-ақ облыста Мемлекеттік басқару академиясының 5 түлегі және «Болашақ» бағдарламасының 1 түлегі қызмет ететінін айта кеткен жөн.

Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кіру және одан шығу талаптарын жеңілдету тапсырмасын орындау аясында жыл соңында салалық заңға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Атап айтқанда, кадр тапшылығы мәселесі бар ауылдық, аудандық деңгейлерде қызметке қабылдау жеңілдетілді. Мемлекеттік грантпен оқу орындарын аяқтаған үздік түлектер енді аудан мен ауылда төменгі лауазымдарға конкурссыз тікелей тағайындалатын болады. Бұған қоса, «Б» корпусының жоғары лауазымдарына агенттіктің келісімімен конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындау мүмкіндігі беріліп отыр. Ал мемлекеттік қызметшінің жұмыс тиімділігін тоқсан сайынғы бағалаудың нәтижесінде қызметші екі тоқсан қатарынан «қанағаттанарлықсыз» бағаланған жағдайда, оны бос тұрған төменгі лауазымға ауыстыру, ал бос лауазым болмаған жағдайда қызметтен босату шешімі қабылданатын болады. Бұл мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдетеді деген сөз.

- Мемлекеттік қызметтен босатуды жеңілдету шеңберінде, енді қызметшінің жұмыс тиімділігіне байланысты бірден кадрлық шешім қабылдау мүмкіндігі енгізілді. Ал мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағытында есепті кезеңде 68 тексеру жүргізілген, оның ішінде: 59 жоспардан тыс тексеру, 9 профилактикалық бақылау шарасы жүргізілді. Тексерулердің нәтижесінде 459 бұзушылық анықталды. Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 15 лауазымдық тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 3 әкімшілік іс қозғалды, -деді Нұрлан Еркебаев.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу