ШҚО-да мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады
Шығыс Қазақстанда жас мемлекеттік қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Іс-шара Конституция күнін мерекелеу қарсаңында ұйымдастырылды.
– Мемлекеттік қызмет саласында өңір жастарының 17 пайызы еңбек етеді. Жас қызметкерлердің 65 пайызы – әйелдер, қалған 35 пайызы – ер адамдар. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі 48 азамат жұмыс істейді. Қызметкерлердің 89 пайызының жоғары білімі бар. Жеті адам ғылым кандидаты, 217 адам магистр дәрежесіне ие, – деді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі Кеңестің Төрағасы Нұрлан Еркебаев.
Соңғы бес жылда облыс бойынша мемлекеттік қызметке 4410 адам қабылданды.