Әлеуметтік желіде уланған иіссу туралы ақпарат таралды
Әлеуметтік желілер мен WhatsApp-тағы чаттарда арзан иіссу сататын белгісіз адамдар туралы ескерту кеңінен тарады. Жазбада оны иіскеген адам уланып, көз жұмуы мүмкін екені айталған.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен құрылған stopfake.kz сайты аталмыш ақпараттың жалғаны екенін айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бүгін аталған ақпарат Өскеменде де кеңінен таралып жатыр. Тіпті, кейбірі Комсомол аралындағы ақ түсті пальто киген қыз өтіп бара жатқан адамдарға арзан иіссу ұсынғанын жазса, екіншісі ер адамдардың ұсынғанын айтып, суретін таратуда.
Stopfake.kz. деректеріне сүйенсек, дәл осындай жалған хабарлама ақпан айының ортасында Ресейде және Белоруссияда да тараған көрінеді.