KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 5 м/с, В
488.11 530.09 5.01

Катонқарағайдағы мал дерті: қазіргі ахуал қандай?

сурет ашық дереккөзден алынды

29.03.2023, 09:59 360 Оразай Жеңісұлы

Бұған дейін жазғанымыздай, Катонқарағайдағы бірнеше елді мекенде мал дерті дендеп тұр.

Аудан әкімі өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында болған баспасөз мәслихатында карантин жарияланған ауылдардағы ахуал жайлы айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Шыңғыстай және Аққайнар ауылында ұсақ малдың шешек ауруы 7 наурызда тіркелді. Қазір елді мекендерде республикалық эпизоотияға қарсы жасақ жұмыс істеп жатыр. Он бір маман алты арнайы техникамен он сегіз мың шаршы метр аумақты залалсыздандырды. Сегіз мың ұсақ малға вакцина салынды. Карантиндік шаралар жалғасып жатыр, – деді аудан әкімі Ділдар Қалиқанұлы.

Спикердің айтуынша, мал дертінің кесірінен шығынға ұшыраған шаруаларға өтемақы төленбейді.

– Бұл дертке ұшыраған мал сойысқа жарамды. Оның үстіне аталмыш ауру өңге ірі қараға және адамға жұғып кетпейді. Карантиндік шаралардан кейін шаруалар малын емін-еркін өрістете береді. Сондықтан өтемақыға қатысты ауыл адамдары да арыз-шағым айтпады, - деді Катонқарағай ауданының әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив