Өскемендегі өрт: 15 адам эвакуацияланды

шартты сурет
Сәтбаев даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты.
Бүгін болған оқиға. Құтқарушылар 15 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрт бірінші қабаттағы пәтерде болғанын нақтылады.
«Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ. Электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмағандықтан осындай оқыс оқиға болған», деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге 20-дан астам адам және 7 техника қажет болды.
Оқи отырыңыз