ШҚО: Балалар жедел желі арқылы көмек сұрай алады

Облыс орталығындағы жасөспірім қыздардың құрдастарын аяусыз ұрып-соққан видеосы үлкен резонанс тудырғаны рас. Десе де, ол елімізде болып жатқан жалғыз оқиға емес.
Әр мектепте өз қатарластары әлімжеттік көрсетіп, қорқытатын оқушылар болуы мүмкін. Ал ата-анасы өз баласының жеке өмірінде қандай жағдай болып жатқанынан мүлдем бейхабар болып қала береді. Осындай жағдайға тап болған балалар үшін тәулік бойы жұмыс істейтін жедел желі іске қосылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Балалар қандайда бір қиын жағдаймен бетпе-бет келгенде 8-707-662-95-13 нөміріне хабарласа алады.
Сондай-ақ өңірдің барлық мекемесінде бала құқықтары жөніндегі уәкілдің телефондары болуы керек.
Жедел желінің нөмірлері туралы ақпаратты үнемі ШҚО білім басқармасының сайтынан таба аласыздар.