KZ
Өскемен
-3°
туман Штиль
485.04 525.98 5.04

ШҚО-дағы ерекше режимдегі колонияда оқ атылды. ҚАЖД пікір білдірді

14.04.2023, 16:38 259 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысындағы ерекше режимдегі колонияда оқ атылды. Қылмыстық атқару жүйесі департаменті жағдайды түсіндірді.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, тұтқындардың бірі тыйым салынған аймаққа кіріп кеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

"ІІМ Ұлттық ұланының 6699 әскери бөлімінің бекеті тарапынан ауаға екі ескерту оқ атылды, себебі сотталғандардың бірі ерекше режимдегі колонияның ішкі тыйым салынған аймағына бақылау-із жолағына өтті", деді Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

2023 жылдың 14 сәуірінде белгісіз біреулер мекеменің негізгі қоршауы үстінен тыйым салынған заттарды лақтырып кеткені хабарланды.

Кейін оқиға орнына ШҚО ПД Өскемен полиция бөлімінің Ертіс полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Бұл факт мекеменің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген. Қазіргі уақытта сотталғандарға қатысты оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін материалдар жиналды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив