24-ші ауданда "жарылыс" болады – Өскемен

Облыс орталығының 24-ші ауданында жарылыс жұмыстары жүргізіледі.
Бұл туралы «Kaz Export Service» ЖШС мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жарылыс жұмыстары 17 сәуірде сағат 15.00-ден 15.30-ға дейін жүргізіледі.
"Аталмыш нысанда жылумен жабдықтау, су құбыры және кәріз желілерін тарту жұмыстары жүргізіледі", деп нақтылады компанияның баспасөз қызметі.