KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

Полиция "борышкерлердің" соңына түсті – Өскемен

19.04.2023, 11:05 234 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында полиция қызметкерлері «Борышкер» атты жедел шара бастады.

Іс-шараның мақсаты бұған дейін жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілерден айыппұл өндіру, деп хабарлайды Altaynews  тілшісі. 

«Қызметкерлер жазаның бұлтартпастығын алға тарта отырып, салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттырады», деп мәлімдеді Өскемен қаласының полиция басқармасы.

Басқарманың ақпаратына сүйенсек, профилактикалық шара шеңберінде жолдарда рейдтер жүргізіледі. Тәртіп сақшылары «Поток» аппараттық-бағдарламалық кешенімен жарақтандырылған көлікпен жолға шығады.

Жедел шара 20 сәуірге дейін жалғасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив