ШҚО әкімі экс-депутаттың мәлімдемесіне жауап берді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Мәжілістің экс-депутаты Берік Дүйсембиновтің мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Бір депутат Өскеменнің айналасындағы жердің бәрі менікі екенін айтты. Бұл – жала, себебі айтқан сөздері дәлелсіз. Сондықтан бұл сұраққа менің баспасөз қызметім, жер қатынастары комитеті толық жауап берді, – деді Д.Ахметов.
Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс отырыстарының бірінде депутат Берік Дүйсембинов "Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, ал Павлодарға барсаңыз – Бақауовтікі. Астананың маңайында – Өмірзақ Шөкеевтікі. Оны айтуға бәрі қорқып отыр", – деген еді.