ШҚО-да 3,5 млн теңге қарызы бар елорда тұрғыны ұсталды
Фото: ШҚО ПД
Облыстық полиция департаментіне Астана қаласының жеке сот орындаушысынан «Porsche Cayenne» маркалы көлікті ұстау туралы қаулы түскен.
Көлік иесі кәсіпорынға 3 512 546 теңге қарыз болып шықты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«5 маусымда облыс орталығында «Қыран-12» экипажының қызметкерлері «Сергек-қорғау» аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен көлікті тоқтатып, жүргізушіні ұстады», деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Департамент өкідерінің айтуынша, ұсталған елорда тұрғыны мобильді банк қосымшасы арқылы қарызын бірден толық өтеген.
Оқи отырыңыз