KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями Штиль
495.95 524.37 4.98

Өскемендегі «Сергек» 130 млн айыппұл өндірді

10.01.2023, 11:27 380 Оразай Жеңісұлы

Өскеменде «Сергектің» көмегімен 130 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді.

Облыстық полиция департаменті «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің 2022 жылғы жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тәртіп сақшыларының деректеріне сүйенсек, өткен жылы облыс орталығында автоматты режимде 151 323 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Соның ішінде жол қауіпсіздігі бойынша 135 986 рет ереже бұзылған.

Сондай-ақ «Сергек» арқылы іздеу салынған 8 адам табылыпты.

Облыстық полиция департаменті 2023 жылы «Сергек» АӨК-ні Риддер мен Алтай қаласына орнатуды жоспарлап отыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу