KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 2 м/с, ОШ
467.29 501.03 5.35

Массмедиа туралы заң жобасы Мәжіліске өтті

Фото: elements.envato.com

7.06.2023, 14:10 284 Оразай Жеңісұлы

Бүгін Парламенттің төменгі палатасы "Массмедиа туралы" Заң жобасын қарауға қабылдады. 

Қоғамдық талқылау кезеңінде заң жобасының кейбір тұсы журналистік ортада теріс реакция тудырған еді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Атап айтқанда, журналистік қоғамдастықта оңай аккредитациядан өтуді қамтамасыз етуге арналған пресс-карталар енгізу жоспары көптеген сұрақтар, тіпті алаңдаушылық тудырды. Бұл ретте уәкілетті органға журналистерді пресс-картасынан айыру құқығы бекітіледі, оны сарапшылар журналистерге қысымның ықтимал құралы ретінде қарастырды.

Сондай-ақ бастапқы кезеңде заң жобасында журналистің "ерекше жағдайларда" жұмысы туралы екіұшты норма бар еді, ол іс-әрекеттер мен материалдарды лауазымды тұлғалармен келісу, яғни шын мәнінде цензураны көздейтіні айтылды.

Әзірге заң жобасында даулы нормалардың қайсы қалғаны белгісіз. Мәжілісмендер оны қарап, қорытынды дайындайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив