KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1 м/с, Ю
478.96 533.03 5.22

Демалыс базаларына баратын жолдар дронмен қадағаланады – ШҚО

Фото: twitter.com

12.06.2023, 16:04 150 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да полиция қызметкерлері жаз бойы демалыс базаларына баратын жолды дрон арқылы қадағалайтын болады.

Дрон жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілерді анықтауға көмектеседі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, былтыр республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» жолын дәл осы әдіспен патрульдеген.

  "Халықтың демалыс орындарына жаппай баруына байланысты тасжолдардағы көлік ағынының қарқыны айтарлықтай артты. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында департамент дрон аппараттары арқылы жасырын патрульдеу жұмыстарын жүргізуде", дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив