1 шілдеден бастап орманшылардың айлығы өседі
Фото: twitter.com
1 шілдеден бастап елімізде орманшылардың айлығы өседі.
Сондай-ақ 2027 жылға қарай материалдық-техникалық базасы 100 пайызға жаңартылмақ. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, елдегі орман шаруашылығына 8,1 млрд теңге бөлінген. Ал өртті ерте анықтау жүйесіне 4,1 млрд теңге қарастырылған.
- Былтыр және биыл болған өрттерде, жалпы, орман шаруашылығы саласында қалыптасқан жағдайды көрсетеді. Осы мәселені Мемлекет басшысы да айтып өтті. Әрине, осы мәселеге байланысты өртті болдырмау, алдын алу, сонымен қатар материалдық-техникалық қамсыздандыру, орманшылардың жалақы мәселелері қосымша пысықталады, - деді Зүлфия Сүлейменова.
Нақты Семей орманына қаншалықты залал келгенін өрт толық сөндірілген соң арнайы комиссия есептейтін болады.
Оқи отырыңыз