KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Жалақы ғана емес мен жәрдемақы мен зейнетақы да өседі

30.11.2018, 03:04 162

Мемлекет басшысы тұрғындардың тұрмыс сапасы мен табысын арттыруға арналған биылғы Жолдауда ең төменгі жалақы мөлшерін көбейту үшін кешенді шаралар қамтылғанын атап өтті деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі akorda.kz сайтына сілтеме жасап.


- 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап төмен жалақы алатын еңбеккерлердің, соның ішінде азаматтық қызметшілердің еңбекақысы 1,5 есе өседі. Сондай-ақ, әкімшілік, көмекші және техникалық қызмет көрсететін қызметкерлердің жалақысы артады. Экономиканың барлық саласындағы төмен жалақы алатын 1,3 миллион жалдамалы жұмысшылардың жалақысы орташа есеппен 30 пайызға көбейеді. Осы жылдың соңына дейін ең төменгі жалақы мөлшерін бір жарым есе өсіретін заңның қабылдануын қамтамасыз ету қажет. 1,3 миллион азаматымыздың жалақысы нақты көбеюге тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Елбасы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдерін 7 пайызға, сондай-ақ мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар көлемін 5 пайызға арттыру қажет екеніне тоқталды.


Әлеуметтік сақтандыру мәселелеріне тоқталған мемлекет басшысы еңбек қабілетін жоғалтуына, жұмыстан босап қалуына немесе асыраушысынан айрылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемақының орташа көлемін 30 пайызға арттыруды қамтамасыз ету керектігін де атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив