Әскерилер уақытша қамау изоляторының тыныс-тіршілігімен танысты - ШҚО
Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Өскемен гарнизонының 27943, 47007 әскери бөлімдерінің және ШҚО қорғаныс істер департаментінің лауазымды тұлғалары мен материалдық жауапты қызметкерін уақытша қамау изоляторларына апарды.
Әскери сала қызметкерлері темір торға тоғытылғандардың бүгінгі жай-күйімен, қазіргі таңдағы изолятордың жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мекеме мамандары әскерилерге тергеу кабинеттерін, жатын орындарды, асхананы, серуендеу алаңдарын және кездесу бөлмелерін көрсетті. Темір торға тоғытылған тұтқындардың бостандықтағы өмірі мен бүгінгі өмірінің айырмашылығы айқын сезілді.