Доллар бағамы төмендеп жатыр
Фото:elements.envato.com
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,40 теңгеге төмендеп, 446,79 теңге болды. Ұлттық банктің 4 шілдедегі ресми бағамы бойынша долларға шаққанда 448,13 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу бағасы – 446,98 теңге, сату – 449,04 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 445,92 теңгеден сатып алынып, 450,00 теңгеден сатылып жатыр.